Тарбағатай дембеті () – айлауыктар тұқымдасы, дембет туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік.

Таралуы Тарбағатай жотасында, қорымтасты беткейлерде өседі.

Биологиялық сиппатамасы Биіктігі 10 – 12 см, тамыр сабағы жіңішке, жерге төселіп көлбей өседі. Сабағының түбіндегі жапырақтары жалпақ, күрек пішінді, жоғарылаған сайын жүрек тәрізді, сағағы қысқарып өркенге отырмалы бекінеді. Гүлдері қос жынысты, аталығы 5, тостағаншасы қурап түспей, сақаталып, жеміс сыртын қаптап жатады. Қою көк түсті күлтесі кіріккен. Гүлдері жартылай шатырша гүлшоғырына топталған. Тұқымынан көбейеді. Маусым – шілде айларында гүлдеп, шілдеде жеміс салады. Жемісі – жаңғақша, ұзындығы 4 мм-дей. Жылдан жылға таралу аймағы азайып бара жатқан, өте сирек кездесетін түр болғандықтан қорғауға алынып, «Қызыл кітабына» енгізілген.Б.Ө. Жақып "Қазақстанның табиғаты"

Дереккөздер

Санат:Айлауықтар