Тақтар таласы () — жазушы Джордж Мартиннің «Мұз бен от жыры» атты романдар желісі бойынша түсірілген фэнтези жанрындағы америкалық драмалық телесериал.

Сериал Дэвид Бениофф және Д. Б. Уайсстың басшылығымен HBO телеарнасы үшін түсіріледі. Телесериал түсірілімі бірнеше елдерде жүруде, солардың ішінде Солтүстік Ирландия, Мальта, Хорватия, Исландия және Марокко бар. АҚШ-та алғашқы маусымының тұсаукесері HBO арнасында 2011 жылы 17 сәуірде өтті; соңғы эпизод 2019 жылдың 19 маусымында көрсетілді.

«Тақтар таласы» ортағасырлардағы Еуропаға ұқсайтын ойдан шығарылған әлемде өтеді. Сериалда бір уақытта көп кейіпкерлер және оқиға желілері бар. Негізгі үш сюжет аркасы бар. Біріншісі бірнеше ықпалды адамдардың Темір Тақ әлде одан тәуелсіздік үшін күресіне; екіншісінде тақты қайтарғысы келетін, құлаған әулиеттің қашқын ханшайымына; үшіншісі - солтүстіктегі қауіптерден қорғайтын ежелгі орденге арналады.

Сериалда зорлық-зомбылық, азаматтық соғыс, қоғамдағы әйелдер мен гомосексуалдар орны, әскер, шіркеу мен отбасының әлеуметтік қарым-қатынас жүейсіндегі рөлі туралы сұрақтар қозғалады. Сериалда толыққанды жақсы кейіпкерлер жоқ, көптеген кейіпкерлер даулы әрекеттер жасайды және кенеттен өліп қалуы мүмкін. Сериалда ойдан шығарылған тіршілік иелері айдаһарлар мен тірілген өліктер бар. Сериал үшін арнайы дотраки және жоғарғы валирий тілі мен оның диалектті жасап шығарылды.

2022 жылы Айдаһар үйі приквел сериалы шықты. Қазіргі уақытта өндіріліп жатқан Жеті патшалық рыцарьі 2025 жылы шығады.

Кейіпкерлер мен актерлі құрам

Кітаптардағыдай «Тақтар таласыңда» кейіпкерлер санымен ерекшеленді. Дэвид Бениоффтың сөзінше сериалда заманауи телекөрсетілімде ең көп кейіпкер. Соңғы маусымда 5 негізге актер эпизод үшін миллион доллар тауып, әлемнің ең табысты актерлер санына кірді.

Сюжетте маңызды рөлді Старктар отбасы ойнайды. Ақсүйек Уинтерфелл лорды Эддард Старк (Шон Бин) жеті патшалықтың бірі Солтүстіктің Сақшысы. Эддардпен оның жұбайы Кейтилин Старкта (Мишель Фэрли) 5 бала бар: үлкен ұлы және мұрагері Робб (Ричард Мэдден), аңғал Санса (Софи Тёрнер), тентек Арья (Мейси Уильямс), өзінде тылсым күш ашқан Брандон (Айзек Хемпстед-Райт) және кішкентай Рикон (Арт Паркинсон). Кіші Старктармен тұтқын Темір Аралдарының сақшысының ұлы Теон Грейджой (Альфи Аллен) және Эддардтың бастарды Джон Сноу (Кит Харингтон). тәрбиеленеді. Соғыста Робб шетелдік дәрігер Талиса Мейгирді (Уна Чаплин) кездестіріп оған үйленеді. Бірінші маусымның басында Джон Сноу Түнгі Сақшылар орденіне лорд-қолбасшы Джиор Мормонттың (Джеймс Космо), қол астына кетіп қалады, ол жақта ол семіздеу Сэмвелл Тарлимен (Джон Брэдли-Уэст) достасып алады. Арғы солтүстікке жорықта Джон азат халықтан шыққан Игритті (Роуз Лесли) кездестіреді; Сэмвелл сәйкесінше Лилли (Ханна Мюррей) деген қызға ғашық болады.

Эддард Старктың ескі досы Жеті патшалық патшасы Роберт Баратеон (Марк Эдди). Роберт Жеті Патшалықтың ең бай лорды және батыс сақщысы Тайвин Ланнистердің (Чарльз Дэнс) қызы Серсеямен (Лина Хиди) бақытсыз некеде. Серсея өзінің егізі Патшалық Ұланның рыцарьі Джейме Ланнистермен (Николай Костер-Вальдау) инцесттік қатынаста; оның үш баласыда Джеймеден. Ланнистерлар отбасында тағы бір ұл бар - ергежейлі Тирион (Питер Динклэйдж). Ол Шая (Сибель Кекилли) атты қызға ғашық болады, және жалдамалы әскер Броннды (Джером Флинн) сатып алады. Роберт Бараеонның мұрагері - Серсеяның ұлы, өзімшіл және қатігез Джоффри (Джек Глисон); оның ылғида артынан жүретін күзетшісі - Сандор Клиган (Рори Макканн). Робертқа мемлекеттік істерде қазынашы Петир Бейлиш (Эйдан Гиллен) және патшалық шпиондардың бастығы Варис (Конлет Хилл) көмектеседі. Робертта көптеген некеден тыс туылған балалар бар, оның бірі өзінің тегі туралы білмейтін жас ұста Джендри (Джозеф Демпси).

Шығыста, Роберт Баратеон мен Эддард Старк құлатқан II Эйрис жындының балалары Дейнерис Таргариен ханшайым (Эмилия Кларк) мен оның ағасы Визерис ханзада (Гарри Ллойд) қащқын болып жүр. Ағасы көмек алу үшін Дейнеристі көшпенділер көсемі кхал Дрогоға (Джейсон Момоа) үйлендіреді. Сосын оған қызметке Джиор Мормонттың туған ұлы, қашқын рыцарь Джорах Мормонт (Иэн Глэн) кіреді. Бірінші маусымның соңында Дейнерис үш жұмыртқадан шыққан айдаһардың иесі атанады. Кейінірек оның жақтастары қатарына бұрынғы құл-аудармашы Миссандея (Натали Эммануиль), әскер Даарио Нахарис (Эд Скрейн, төртінші маусымнан кейін Михиль Хаусман) және бұрынғы Патшалық Ұланның лорд-қолбасшысы Барристан Селми (Иэн Маккелхинни) кіреді.

Роберттің өлімінен кейін таққа претенденттардың бірі - Айдаһар жарының лорды, қатал Станнис Баратеон (Стивен Диллейн). Оның қол астында бұрынғы контрабандист Давос Сиворт (Лиам Каннингем) және Жарық Әміршіге табынатын миссионер Мелисандра (Кэрис ван Хаутен) қызмет етеді. Дауылды алқаптың лорды, Баратеон бауырларының кішісі Ренлиде (Гетин Энтони) таққа отырғысы келеді. Ол Тиреллдар үйінің өкілі Маргериге (Натали Дормер) үйленеді және Бриенна Тартты (Гвендолин Кристи) рыцарьлік қызметке алады. Теон Грейджой қатігез Рамси Болтонның (Иван Реон) тұтқынына түседі. Соғыс барысында астанаға Дорн ханзадасы Оберин Мартелл (Педро Паскаль) өзінің махабаты Эллария Сэндпен (Индира Варма) келеді. Солтүстікте азат халық Қабырға артындағы Патша Манстың (Киаран Хайндс) және оның жақтастары Тормунд (Кристофер Хивью) пен Тенндар магнары Стирдың (Юрий Колокольников) бастауымен Қабырғаға соғысқа бара жатыр.

Жасалуы

Кастинг Нина Голд пен Роберт Стерн сериалдың басты кастинг директорлары болды. Тыңдалым барысында Питер Динклэйдж пен Шон Биннан басқа негізгі актерлік құрам құрылды. Оларды кастинг директорлары ең басында таңдап алды . Олармен бірге пилоттық эпизодтың түсірілуіне Кит Харрингтон, Джек Глисон, Гарри Ллойд пен Марк Эдди қосылды Кейбір кейіпкерлердің актері өзгерді. Кейтилин Старк рөлін басында Дженнифер Эль ойнаған, бірақ кейінірек рөл Мишель Фэйрлиге берілді. Дейенерис Таргариен кейіпкерін ойнаған Тамзин Мерчантты Эмилия Кларкпен ауыстырылды. Негізгі актерлік құрам 2009 жылдың екінші жартыжылдығында құралып аяқталды.

Кейіпкерлердің көптігінен продюссерлер 2 маусымда көп кейіпкерлерді біріктіріп әлде олардың сюжеттік функцияларын басқалардың арасында бөліп беруге тура келді. Соған қоса кейбір актерлер бірнеше рөл ойнады, ал бір рөлді бірнеше актер ойнап шықты. Мысалға Григор Клиган кейіпкерін 3 адам ойнады, ал Дин-Чарльз Чепмен Томмен Баратеоны да, белгісіз Ланнистердыда ойнады.

Экранизациялау графигі «Тақтар таласы» сюжеті алтыншы маусымда кітаптан озып кеткен соң, Джордж Р. Р. Мартин берген келесі 2 кітаптың сюжеттік схемасына және оргиналдық мазмұнға негізделген болды. 2016 жылдың маусымында HBO сериал 8 маусыммен аяқталатынын жариялады. Маусым Эпизодтар саны Премьерасы Маусымға тапсырыс берілді Түсірілім уақыты Маусым негізделген кітаптар 1-інші маусым 10 2011 жылдың 17 сәуірі 2010 жылдың 2 наурызы 2010 жылдың маусым — желтоқсаны «Тақтар таласы» (1996) 2-інші маусым 10 2012 жылдың 1 сәуірі 2011 жылдың 9 сәуірі 2010 жылдың маусым — желтоқсаны «Патшалар шайқасы» (1998) 3-інші маусым 10 2013 жылдың 31 наурызы 2012 жылдың 10 сәуірі 2012 жылдың маусым — қарашасы «Қылыштар дауылы» (2000) кітабының үштен екі бөлігі Төртінші маусымы 10 2014 жылдың 6 сәуірі 2013 жылдың 2 сәуірі 2013 жылдың маусым — қарашасы «Қылыштар дауылы» (2000) кітабының үштен бір бөлігі, «Құзғындар думаны» (2005) және «Айдаһарлар биі» (2011) кітаптары ішінараБесінші маусым 10 2015 жылдың 12 сәуірі 2014 жылдың 8 сәуірі 2014 жылдың маусым — желтоқсаны Құзғындар думаны» (2005) және «Айдаһарлармен би» кітаптарының негізгі бөлігі және оргиналды мазмұн, соған қоса «Қылыштар дауылы» (2000) кітабының соңғы тараулары және «Қыс ызғары» кітабының алғашқы тараулары Алтыншы маусым 10 2016 жылдың 24 сәуірі 2014 жылдың 8 сәуірі 2015 жылдың маусым — желтоқсаны Оригиналды мазмұн және аяқталмаған «Қыс ызғары» кітабының бірінші жартысы, ішінара Құзғындар мейрамы» (2005) және «Айдаһарлар биі» кітаптары Жетінші маусым 7 2017 жылдың 16 маусымы 2016 жылдың 21 сәуірі 2016 жылдың қыркүйегі — 2017 жылдың ақпаны Оригиналды мазмұн, аяқталмаған «Қыс ызғары» кітабының екінші жартысы жосарланған «Көктем жайлы арман» кітабаның бірінші жартысы Сегізінші маусым 6 2019 жылдың 14 сәуірі 2016 жылдың 30 маусымы 2017 жылдың қазаны — 2018 жылдың маусымы Оригиналды мазмұнЛинетт Райс. «A Network Gets Its Bite Back». Entertainment Weekly. 08.01.2010. жосарланған «Көктем жайлы арман» кітабаның екінші жартысыДжеймс Хибберд «HBO: Game of Thrones dailies look fantastic» . The Live Feed. The Hollywood Reporter. 14.01.2010 Алғашқы екі маусым алғашқы екі кітап бойынша жазылған. Кейініріек сериал авторлар сериалға бүкіл романдар циклінің аудармасы ретінде қарады. Осының арқасында олар экранизация үшін әртүрлі оқиғаларды араластыруға мүмкіндік берді.

Режиссура Телесериалжың әр онбөлімдік маусымында 4-тен 6-ға дейін режиссерлер болды. Әдетте олар эпизодты бірінен кейін бірі түсірген. Алан Тейлор 7 эпизод түсірді; бұл ең үлкен нәтиже. Алекс Грейвс , Дэвид Наттер , Марк Майлод және Джереми Подесваның әр қайсысы 6 эпизодтан түсірді. Дэниал Минахан 5, ал Мишель Макларен , Алик Сахаров пен Мигель Сапочник 4 түсірді; Мишель Макларен сериалдағы жалғыз әйел-режиссер. Тиам Ван Петтон сериалдың алғашқы екі эпизодың түсірді, ал Брайан Кирк сол маусымдағы 3 бөлімін түсірді. Нил Маршал екі шайқасы бар эпизодтарды түсірді. Басқа режиссерлар қатарында — Джек Бендер , Дэвид Петрарка , Дэниел Сакхайм мен Майкл Словис және Мэтт Шекман. Дэвид Бениофф пен Д. Б. Уайсс екі бөлімді бірге түсірді, бырақ біртіндеп қана белгіленді; эпизодтар бөлінуі тиын лақтырумен шешілді. Сегізіңші маусымда Дэвид Наттер мен Мигель Сапочник алғашқы 5 эпизодты түсірді. Бенофф пен Уайсс соңғы эпизодтың сценаристтері және режиссерлері ретінде белгіленген.

Музыка Рамин Джавади сериал үшін музыканы жасап шығарды. Бірінші маусымның саундтрегі Varèse Sarabande-де 2011 жылдың маусымында жарияланды. Кейінірек National, Hold Steady және Sigur Rós топтарынан келесі маусымдарға арналған саундтректар альбомы шықты. Джавади негізгі үйлерге және кейбір негізгі кейіпкерлерге қайталанатын әуен жасап шығарды. Кейбір лейтмативтар сериал барысында дамиды; мысалға Дейенерис Таргариенның әуені күрделенеді. Алғашында оның әуеніңде тек виолончель ойнайтын, бірақ сериал барысында басқада аспаптар қосыла береді. Джавади екі рет сериалдағы жұмысы үшін визуалды медиадағы үздік саундтрек үшін Грэмми сыйына екі рет ұсынылған. Оргиналды музыкаға қосынды ретінде Columbia Records 2019 жылдың 26 сәуірі For the Throne: Music Inspired by the HBO Series Game of Thrones альбомын шығарды.

Тілдер Телесериалда Вестеростағы кейіпкерлер британдық ағылшында және көбінесе кейіпкерлер Вестеростағы ауданға сәйкес келетін Англияның аймағының акцентінде сөйлейді. Эддард Старкты ойнаған Шон Бин өзінің солтүстік акцентіңде, Тайвин Ланнистер кейіпкері оңтүстік акцентте, Дорнның кейіпкерлері испандық акцентте сөйлейді. Басқа жақтардың тұрғындары жиі өзгеше ағылшын акценттеріне ие.

Сериалда жасанды тілмен фрагменттер бар - Дотраки тілі және Валирия тілі мен оның диалекттері. HBO арнасы жалдаған америкалық лингвист Дэвид Питерсон әр тіл үшін сөздік, грамматикалық және фонетикалық стурктура жасап берді, который разработал для каждого языка словарь, фонетическую и грамматическую структуру. BBC-дің айтуынша бұл тілдерді сериал көру барысында естіген адамдар саны Шотланд, Ирланд, Валлий тілдерін бірге алғаннан естіген адамдар санынан көбірек. Duolingo компаниясы 2017 жылы жоғарғы валириялықтың курстарын бере бастады.

Рейтинг пен критика