Андре Шюррле (; 6 қараша, 1990 жыл, Рейндегі Людвигсхафен, Рейнланд-Пфальц, Германия) — неміс футболшысы, шабуылшы. 2014 жылғы әлем чемпионы.
Мансабы Карьерасын 2009 жылы "Майнц 05" клубында бастады да, екі маусымнан соң "Байерге" ауысты. Бірақ "Челсиге" ауысқанша клубтық деңгейде жүлде ұта алмады. 2013 жылы ауысты да, 2014/15 жылғы маусымда Англия чемпионы атанды.
Англия чемпиондығын ұтқан соң негізгі құрамдағы орнын жоғалтып үлгерген Шюрлле отанына оралып, "Вольфсбургке" ауысты. Бірақ онда да тұрақтай алмады, бір маусымнан соң "Боруссияға" (Дортмунд) өтті.
2018 жылы "Фулхэмге", 2019 жылы Мәскеудің "Спартагына" жалға берілді.
2020 жылы шілдеде 29 жасында футболмен қоштасатынын мәлімдеді.
Ұлттық құрама сапында тұңғыш рет 2009 жылы 13 қарашада Солтүстік Ирландияға қарсы ойында алаңға шықты.
2012, 2016 жылдары Еуропа чемпионатына, 2014 жылы әлем чемпионатына қатысты.
Клубтарында алаңға онша шықпай жүргендіктен, 2017 жылғы наурыздан соң құрамаға шақыртылған жоқ.
Жетістіктері «Челси» Англия чемпионы: 2014/15
«Вольфсбург» Германия кубогы: 2014/15 Германия суперкубогы: 2015 "Боруссия" Германия кубогы: 2016/17
Еуропаның қола жүлдегері 2012, 2016 Әлем чемпионы: 2014
Дереккөздер
Сілтемелер Ресми сайты
Санат:Германия футболшылары Санат:Челси ФК ойыншылары Санат:Байер 04 ФК ойыншылары Санат:Германия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары Санат:Боруссия Дортмунд ФК ойыншылары Санат:Спартак Мәскеу ФК ойыншылары Санат:Фулхэм ФК ойыншылары