Қаратау жалғанбозкілемі (лат. Pseudosedum karatavicum) – жасаңшөптер тұқымдасы, жалғанбозкілем туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік.

Ботаникалық сипаты Биіктігі 5-10 см, өте жақсы жетілген тамыры болады. Сабағы көп, қарапайым. Бұтақтарына қалың орналасқан жапырақтары таспа сияқты. Тостағанша жапырақшалары (ұзындығы 5-7 мм) таспа немесе қандауыр тәрізді үшкір бөліктерге бөлінген. Күлтелері (ұзындығы 1 см-дей) қызғылт түсті, қоңырауға ұқсас. Тұқымынан көбейеді. Мамыр айында гүлдеп, маусымда жемістенеді. Жемісі - қандауыр тәрізді жапырақшалар.

Өсетін орны мен таралуы Қазақстанда тек Қаратау жотасында (Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстары) кездеседі. Қаратау жалғанбозкілемі - өте сирек кездесетін эндемик түр. Сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Жасаңшөптер‎ Санат:Қазақстан флорасы Санат:Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктер