Miles M.2 Hawk — 1930-жылдары британдық Miles Aircraft Limited компаниясы жасап шығарған екі орынды жеңіл моноплан ұшақ.
Тарихы Hawk ұшағын Ф. Дж. Майлс 1933 жылы жобалап шығарды. Ұшақ қанаттары төмен орналасқан. Ұшақ екі адамға арналған ашық кокпитке ие болған. Прототип ADC Cirrus IIIA (95 ат күші) қозғалтқышымен жабдықталған прототип Philips and Powis Limited (қазір Miles Aircraft атауымен белгілі) компаниясымен Вудлей аэродромында жасалып шығарылды. Ұшақтың алғашқы ұшуы 1933 жылы 29 наурызда болды. Өз кезі үшін ұшақ сатылымы жақсы деңгейде болды (бір ұшақ бағасы 395 фунт болды). Ұшақтың түрлі нұсқалары шығарлыған болатын, оның ішінде жабық кабиналы моноплан (M.2A), бір орынды ұзақ қашықтықты (M.2B) және үш орынды (M.2D) ұшақ нұсқалары болды. 1934 жылы Cirrus қозғалтқыштырының жетіспеушілігінен ұшақтың жақсартылған нұсқасы — Miles Hawk Major жасалып шығарылды.
Нұсқалары M.2 — 95 ат күші бар A.D.C. Cirrus IIIA қозғалтқышымен жабдықталған екі орынды нұсқа.M.2A — de Havilland Gipsy III қозғалтқышымен жабдықтаған кабиналық нұсқасы, бір дана өндірілген.M.2B — ұзақ қашықтықтық бір орынды нұсқа, A.D.C Cirrus Hermes IV (120 ат күші) қозғалтқышымен жабдықталған, бір дана өндірілген.M.2C — 120 ат күші бар de Havilland Gipsy III қозғалтқышымен қайта жабдықталған нұсқасы, бір дана өндірілген.M.2D — 95 ат күші бар A.D.C. Cirrus IIIA қозғалтқышымен жабдықталған үш орынды нұсқа, алты дана өндірілген.
Техникалық сипаттамасы
Ұшақтың техникалық сипаттамасы: Сипаттамалар M.2 Экипаж 2 ұшқышҰзындығы 12,37 м Қанат жаймасы 10,06 мҚанат ауданы 15,7 м²Биіктігі 2,03 мҰшу қашықтығы 725 кмМаксимал көтерілу биіктігі 4,880 м Крейсерлік жылдамдығы 161 км/сағМаксималді жылдамдық 185 км/сағБиіктік жинау жылдамдығы 4,4 м/сҚозғалтқыш ADC Cirrus IIIA поршеньді қозғалтқышыҚозғалтқыштың қуаты 95 ат күші (71 кВ)
Қоданушылары Әскери қолданушылар
Аустралия Патшалық Әуе күштері - екі ұшақ
Жаңа Зеландия Патшалық Әуе күштері
Оңтүстік Африка Әуе күштері
Дереккөздер
Санат:Әскери ұшақтар Санат:Miles ұшақтары