thumb|left|150px|«Ыстық батикті» жасау
Батик (малайяша - batɪk) - айшықтау әдісі және нақышталып, безендірілген алуан түсті мата. Бұл әдіс бойынша бояу сіңбейтін құрамдас заттармен ( «ыстық батикті» қолданғанда қыздырылған балауыз, «суық батикті» қолданғанда резина желім) матаға әр алуан айшықты кескіндер, нақыш-өрнектер салады, одан кейін матаны бояйды. Қосымша түс, рең беру үшін жапсырылған балауыз ара-тұра аланып тасталады да, мата еселеніп қайта боялады.
Индонезия, Үндістан т.б. халықтары ыстық батикті ертеден білген. Индонезиялық батиктің негізгі түс-реңі көгілдір және қоңырқай болып келеді. Дәстүрлі нақыш-өрнек, айшықтар әр алуан әрі белгілі бір мағынаны білдіреді. Еуропада батикті сәнді маталарға 20 ғ. басында қолдана бастады Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 2 том.
Галерея
265px 180px 105px 150px 155px Археологиялық қазбалардан табылған батик фрагменттері Батик жасайтын құрал-саймандары
Дереккөздер
Санат:Қолөнер Санат:Кескіндеме техникасы