Коста-Рика Ұлттық құрама командасы, лақап аты "Лос Тикос" — Коста-Риканың ұлттық құрамасы. КОНКАКАФ-қа кіретін құрамалар ішіндегі Мексика және АҚШ-тан кейінгі күшті құрама.

Тарихы Коста-Рика футболдың ұзақ мәдениеті мен дәстүріне ие. Ұлттық құрама алғашқы ойынын Орталық Американың тәуелсіздігінің 100 жылдығына арналған чемпионатта 1921 ж. қыркүйекте өткізді. Жарыстағы алғашқы ойынында Сальвадор құрамасын 7-0 есебімен жеңді. Финалда Гватемала құрамасынан 6-0 есебімен жеңілді.

Әлем чемпионатына тұңғыш рет 1990 жылы қатысты. Топтық турнирде Бразилиядан ғана ұтылып (0:1), қалған екі қарсыласын (Швеция мен Шотландияны) тізе бүктіріп 1/8 финалға жолдама алды. Аталмыш раундта 1:4 есебімен Чехословакиядан ұтылып қалды.

2002, 2006 жылдарғы әлем чемпионатында топтық турнирден өте алмады. Ал 2014 жылы Италия, Англия, Уругвайлармен өлім тобына түскеніне қарамастан бір матчта да ұтылмады. Әуелі 0:1 есебімен ұтылып тұрып, 3:1 есебімен Уругвайды тізе бүктірді. Екінші турда Италияның өзі қапы қалды — 1:0. Соңғы турда Англиямен ұпай бөлісті. Бұл ойында есеп ашылған жоқ. 1/8 финалда пенальтилер арқылы Грекияны қапы қалдырды да, өз тарихтарында бірінші рет 1/4 финалға шықты. Бұл кезеңде Нидерланд құрамасымен 120 минут бойы айқасты, есеп ашылмады. Пенальтилер сериясында еуропалықтардың жолы болды.

Жетістіктері

КОНКАКАФ Алтын кубогы жеңімпазы: 1963. 1969. 1989 КОНКАКАФ Алтын кубогының финалисі: 2002

Құрама ойыншылары 2018 жылғы әлем чемпионатындағы құрамы №АтыклубТуған жылы, күніҚақпашылар1Кейлор НавасРеал Мадрид15 желтоқсан 198618Патрик ПембертонАлахуэленсе24 сәуір 198223Леонель МорейраЭредиано4 сәуір 1990Қорғаушылар2Джонни АкостаРионегро Агилас21 шілде 19833Джанкарло ГонсалесБолонья8 ақпан 19884Ян СмитНоррчёпинг6 наурыз 19986Оскар ДуартеЭспаньол3 маусым 19898Брайан ОвьедоСандерленд18 ақпан 199015Франсиско КальвоМиннесота Юнайтед8 шілде 199216Кристиан ГамбоаСелтик24 қазан 198919Кендалл УостонВанкувер Уайткэпс1 қаңтар 198822Рональд МатариттаНью-Йорк Сити9 шілде 1994Жартылай қорғаушылар5Сельсо БорхесДепортиво27 мамыр 198813Родни УолласНью-Йорк Сити17 маусым 198814Рэндалл АсофейфаЭредиано30 желтоқсан 198417Ельцин ТехедаЛозанна17 наурыз 199220Давид ГусманПортленд Тимберс18 ақпан 1990Шабуылшылар7Кристиан БоланьосСаприсса17 мамыр 19849Даниэль КолиндресСаприсса10 қаңтар 198510Брайан РуисСпортинг (Лиссабон)18 тамыз 198511Джохан ВенегасСаприсса27 қараша 198812Жоэль КэмпбеллРеал Бетис26 маусым 199221Маркос УреньяЛос-Анджелес5 наурыз 1990БапкерОскар Рамирес8 желтоқсан 1964

Дереккөздер

Сілтемелер Ресми сайты Коста-Рика құрамасы ФИФА сайтында Коста-Рика құрамасы матчары жайлы Eloratings.net сайтында

Санат:Коста-Рика Ұлттық футбол құрамасы