Эдвард Томас Харди (, 15 қыркүйек 1977, Хаммерсмит, Лондон, Ұлыбритания туғ.), Том Харди ретінде танымал () — британдық театр, кино актері. «Бронсон» (2009) фильміндегі басты рөлімен танымал, және «Звёздный путь: Возмездие» (2002), «Начало» (2010), « Воин» (2011) , «Тёмный рыцарь: Возрождение легенды» (2012) атты голливудтық блокбастерлердегі рөлдерімен белгілі.
Жастық шағы Том Харди, отбасындағы жалғыз бала, Хаммерсмитте дүниеге келген және Лондонда өскен. Анасы Энн ирландтық католиктер отбасынан шыққан еді. Ол суретші болып жұмыс істеді, ал акесі Эдуард «Чипс» Харди комедия жазған. Харди «Ридс», «Тауэр-Хаус» және Ричмондық театралды мектепте оқып, одан кейін Drama Centre London оқу орнына түсті (Том Энтони Хопкинсты үйреткен тәлімгерден білім алды). Ол мансабын әскери драмада АҚШ сарбазын «Братья по оружию» (2001) фильмінде ойнау арқылы бастады. Оның кинодағы бастамасы Ридли Скоттың «Падение «Чёрного ястреба»» (2001) триллерінде бастады.
Мансабы 2002 жылы Харди «Точки над i» фильмінде көрінді, ол түсірілім алаңында Гаэль Гарсиа Бернальмен әріптес болды. Осыдан кейін ол Солтүстік Африкаға кетіп, «Симон: Английский легионер» (2002) фильміне түсті. Осы жылы ол мансабындағы ірі рөлі, Реман Претор Шинзонды сомдады. Ол Англияға, «LD50: Летальная доза» (2003) триллеріне түсу үшін оралды.
Дереккөздер