Бернхард Келлерман ( 4 наурыз, 1879, Фюрт - 17 қазан, 1951, Потсдам) — неміс жазушысы.
Шығармалары «Йестер және Ли» (1904) «Ингенборг» (1906) «Нақұрыс» (1909) «Теңіз» (1910) романдарында модернистік бағыт басым. «Туннель» (1913) «Батыстағы соғыс» (1915) «Аргон ормандарында шайқас» (1916) «9 қараша» (1920) «Анатоль қаласы» (1932) атты шығармаларында неміс халқының өмірі реалистік түрде бейнеленген. Келлерман Бернхард фашистік тәртіп орнаған жылдары гитлерлік идеологияға ұсынбай: «Достық әні» (1935) «Жасыл лента» (1938) «Георг Вендлантоның үндеуі» (1941) атты кітаптар жазды. «Өлім биі» романы (1948) арқылы гитлерлік диктатураның адам баласына жасаған айуандық тәртібін әшкереледі. Келлерман 1948 жылы КСРО-ға келіп қайтқан соң кеңес халқының өмірі туралы «Біз Кеңестік Ресейден қайтып келеміз» атты очерктер жинағын шығарады.
Марапаттары ГДР-дің ұлттық сыйлығын алды.Қазақ Совет энциклопедиясы: Алматы, 1974. 5 том.
Дереккөздер
Санат:4 наурызда туғандар Санат:1879 жылы туғандар Санат:Фюртте туғандар Санат:17 қазанда қайтыс болғандар Санат:1951 жылы қайтыс болғандар Санат:Потсдамда қайтыс болғандар Санат:Германия жазушылары Санат:ГДР жазушылары Санат:ГДР ұлттық сыйлығының иегерлері