Да́ниэла Га́нтухова (1983 жылдың 23 сәуір айында Чехословакия, Попрадта дүниеге келген) – словакиялық кәсіби теннисшы, жеке сында әлемдегі экс-5-ші ракетка.

Жетістіктері Жеке сында әлемдегі экс-5-ші ракетка. Жеке сында WTA сериясындағы турнирлерде 6 дүркін жеңімпазы (барлығы – 15). Жеке сында ITF сериясындағы турнирлерде 3 дүркін жеңімпазы (барлығы – 4). Жұптық сында әлемдегі экс-5-ші ракетка. Жұптық аралас сында (миксте) Үлкен шлемның 4 дүркін жеңімпазы (Уимблдон-2001, Australian Open-2002, US Open-2005, Roland Garros-2005) Карьерлік Үлкен Шлем иегері (әр жылдары барлық төрт турнирдің жеңімпазы). Жұптық сында Үлкен шлемның 3 дүркін финалисты (Australian Open-2002, 2009, Roland Garros-2006). Жеке сында Үлкен шлемның 1 дүркін жартылай финалисты (Australian Open-2008). Жеке сында Үлкен шлемның 3 дүркін 1/4 финалисты (Уимблдон-2002, US Open-2002, 2013). Словакия ұлттық командасының құрамасында Федерация Кубогының 1 дүркін жеңімпазы (2002). Холман Кубогының-2005 жеңімпазы (Доминик Хрбатпен). Холман Кубогының-2004 финалисты (Кароль Кучерамен). Жұптық сында Orange Bowl-1998 турнирының 1 дүркін финалисты.

Жалпы Ақпарат Әкесінің аты Игор, информациялық технология ауданында маман. Анасының аты Марианна, дәрігер- токсиколог. Екі ағайынды, ұлкен ағасы бар, ол Братиславада сәулетші болып жұмыс істейді.

1999 жылдан бастап кәсіби теннисшы. Бапкері – Петер Лундгрен.

Даниэла словакиялық университетке оқуға тұсті, бірақ теннисшы карьерасына байланысты оқуды кейінге ысыра тұрды.

2003 жылы әке-шешесі ажырасқан. Даниэла бұл жағдайды өте қатты уайымдаған, жарыс нәтижесіне әсер етті, нашарлатты.

Даниэла словакиялық, ағылшын, неміс тілдерін толық менгерген. Классикалық пианинода ойнайды.

Перфекционист мінезді, өзін жаттығу барысында еш аямайды.

Шөп пен хардта өнер көрсеткенді ұнатады. Шабуылшы стильде ойнайды.

Спорттық карьерасы Жыл соңындағы рейтингі ЖылЖекерейтингіЖұптықрейтингі 2013 33 49 2012 32 66 2011 24 18 2010 30 93 2009 24 13 2008 21 54 2007 9 44 2006 18 13 2005 19 13 2004 31 62 2003 19 28 2002 8 8 2001 37 56 2000 108 1999 201

Жеке сында WTA турнирлердің финалдағы жеңістер (6)

Жұптық сындар Жұптық дәрежеде Үлкен шлем турнирлердің финалы (3)

Жеңілісі (3)

Жұптық аралас сындар (микстар) Жұптық аралас сында (микста) Үлкен шлем турнирлердің финалы (5)

Жеңісі (4)

Жеңілісі (1)Жеңілісі (1)

Турнирлерге Қатысу Тарихы Жеке сындағы Үлкен Шлем турнирларда өнер Көрсету

Сілтемелер www.wtatennis.com www.itftennis.com www.fedcup.com

Санат:1983 жылы туғандар Санат:23 сәуірде туғандар