Науаи облысы ()— Өзбекстанның солтүстігіндегі орналасқан облыс.Әкімшілік орталығы және ең үлкен қала — Науаи. Облыстың басқа үлкен қалалары — Зарафшан, Кармана, Қызылтепа, Нұрата, Үшқұдық .Облыстаң халық саны - 873 000 (2011 жыл бойынша)-бұл ел ішінде он үшінші көрсеткіш.
Қазақстанмен, Жизақ, Самарқанд, Бұқара облыстарымен, және Қарақалпақстан автономиялық республикасымен шектеседі. Облыстаң жер аумағы — 110 800 км². Облыстың көп бөлігін құмды дала (шөл) алып жатыр(Қызылқұм шөлі). Климаты шөлді, шұғыл континетті. Негізгі өзені - Заравшан.
Әкімшілік бөлінуі
Облыс 8 әкімшілік ауданға бөлінген:
Қанымех ауданы (1) (Қанымех) Қызылтепа ауданы (3) (Қызылтепа) Навбахор ауданы (5) (Бешрабат) Кармана ауданы (2) (Кармана) Нұрата ауданы (6) (Нұрата) Тамды ауданы (7) (Тамдыбұлақ) Үшқұдық ауданы (8) (Үшқұдық) Хатырша ауданы (4) (Янгиработ)
Облыстың әкімшілік ауданы — Науаи қаласы, облыстың ең үлкен қаласы болып табылады (264 мыңдай адам). Облыста 6 қала, 8 қала тектес ауыл және 53 ауыл бар.
Экономикасы Облыс экономикасының шикізат өндірудегі басты салалары — алтын, уран, әктас, вольфрам, фосфориттер өндіру және металлургия (түсті). Қолайлы жылы климаттың арқасында бұнда мақта, жібек,бидай, қарбыз-қауын, жүзім сияқты жеміс-дәндер өсіріледі.
Дереккөздер
Санат:Науаи облысы