Бамако () — Мали Республикасының астанасы (1960), Нигре өзенінің сол жағасында Малидің оңтүстік-батыс жағында орналасқан. Халқы - 1 809 106 адам (2009). Темір жол стансасы, Тас жолдар торабы, ірі аэропорт.

Елдің өнеркәсіп және сауда орталығы. Бамакодағы жылу электр орталығы мен Сотуба СЭС-і Малиде өндірілетін барлық электрэнергияның 85 %-ін береді. Жеміс және минералды сусындар зауыты, пластмасса бұйымдар жасайтын зауыт, шырпы фабрикасы т.б. кәсіпорындары бар. Майдагерлік кәсіпшілік дамыған (қолдан мата тоқу, ағаш пен піл сүйегінен, күмістен әсем бұйымдар жасау, тері өндеу). Бамаконың әкімшілік мекемелері және бұрынғы президент сарайы қала сыртында (3 км) Кулуба тауында орналасқанҚазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 2 том.

Климаты Субэкваторлық және тропикалық климат, жылдық орта температурасы +25°С-дан түспейді. Ең ыстық айлары - наурыз, сәуір, мамыр, бұл кезде орта температура 38-39° С, Салқын айлары - қараша, желтоқсан, қаңтар. Жылдық орташа жауын-шашын - 880 мм, жауын-шашынның бәрі мамыр мен қазанның арасында болады. желтоқсан мен ақпан аралығында жауын-шашын болмайды,World Climate ,Weatherbase.

Әкімшілік бөлінуі Қала 6 коммунаға бөлінеді: Коммуна Халқы,чел. (2009) Ауданы,км² Коммуна I 335 407 35,0 Коммуна II 159 805 18,3 Коммуна III 128 872 20,7 Коммуна IV 300 085 42,0 Коммуна V 414 668 42,0 Коммуна VI 470 269 87,0 Totale 1 809 106 245,0

Галерея 200px 200px 110px 220px 220px

Дереккөздер

Санат:Мали қалалары Санат:Миллионер қалалар