I Франциск () - 12.09.1494 - 31.03.1547 жылдары өмір сүрді) — Франция королі (1515 жылдан), Валуа әулетінен шыққан. Франциск І-нің саясаты абсолюттік монархия орнатуға бағытталды. Францияны онан әрі орталықтандыруға және монархияға айналдыруға бағытталды. 1532 жылы Бретаньды қосты, Корольдық кеңесті басқарудың басты органы етті, провинцияларда бас мирасқорлардың қызметін енгізді. Италия соғыстарында (1494-1559) Мариньяно маныңда жеңіске жетіп (1515), Миланды алды. Оның тұсында Жак Картье Солтүстік Америкаға саяхатын бастады. Франциск І өнерге қамқорлық жасады. Францияға Италиядан архитекторлар мен суретшілерді шақырды.Қазақ Совет энциклопедиясы

Өнерді қаржыландыруы Франциск 1515 жылы таққа отырған кезде, Ренессанс Францияға келіп жеткен еді, сөйтіп ол өнер сүйер адам ретінде өнерге барынша қолдау көрсетті.

Франциск өз заманының көптеген суретшілерін қаржыландырды - олардың арасында Леонардо да Винчи мен Андреа дель Сарто бар. Тіпті Леонардо да Винчиды өмірінің соңғы жылдарын Францияда өткізуге көндірген. Да Винчи өзімен бірге Францияға Мона Лизаны алып келген, өзі қайтыс болғанннан кейін де Мона Лиза Францияда қалып кетті (әлі күнге дейін сонда тұр).

Осман империясымен қарым қатынасы Францисктің қол астында Франция Европадағы Осман Империясымен дипломатиялық қарым- қатынас орнатқан алғашқы мемлекет атанды.https://archive.org/details/ottomanempireitsmill 1530 жылы Франция мен Осман империясы одақтық келісімшарт жасады.

Дереккөздер

Санат:Франция императорлары Санат:Валуа Санат:Франция королдері