Қызыл құйрық құмтышқан () – аламан тұқымдасына жататын кеміруші сүт қоректі. Дене түрқы 13—16 см, қүйрығы-нық үз. 12—16 см. салм. 70—125 г. Күрек тістерінің бір ғана сары жолағы болады. Денесінің үстіңгі жағы мен бүйірлері ашық сары не қоңырлау, бауыр — ақшыл, артқы аяқтары ұзынырақ. Қызыл құйрық құмтышқан Алдыңғы, Кіші Азияда, Солт. Бат. Қытай және Ресейде көбіне шөлді және шөлейтті жерлерде таралған. Бұл тышқан Қазақстанның оңт. және оңт.-шығ. бөлігінде кездеседі, көбіне тау бөктерін, өзен ал-қаптарын жэне егіс төцірегін мекен-дейді. Індеріне 12 кг-ға дейін қысқы азық қорын жинайды. Ол жылына 2— 3 рет 3—11, көбіне 7 үрпақ береді. Дәнді дақылға, мақта егісіне және мал жайылымпаоына зиян келтіреді.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Кеміргіштер