Ақ қаржеміс () – ұшқаттар тұқымдасы, қаржеміс туысына жататын бұта.
Ботаникалық сипаты
Биіктігі 1-1,5 м, тік болып өседі, бұтақтары сұр, ал жас бұтақтары ашық қоңыр немесе сарғыш түсті. Бұтақтарының қабығы жұқа, өсімдікті бойлай жарылып тұрады. Жапырақтары жұмыртқа немесе эллипс пішінді, ұзынша, кейде дөңгелек болады, ұзындығы 2-6 см, ені 2-4(5) см, ұштары доғал, жиектері тегіс, қысқа сағақты және жатық түкті, шеттеріндегі түктері кірпік тәрізді. Гүлдері қысқа сағақты, жапырақтарының жоғарғы жағында масақ тәрізді гүлшоғырға топталған. Гүлдерінің пішіні кішігірім қоңырау тәрізді, ұзындығы 5-7 мм, қою күлгін түсті. Сәуір-тамызда гүлдеп, қыркүйек-қараша айларында жеміс салады. Жемістері қардай ақ, тұқымдары жұмыртқа немесе эллипс тәрізді, ұзындығы 4-5 мм, түсі ақ, беті тегіс. Құрғақшылыққа төзімді, топырақ талғамайды, қолдан сәндік үшін өсіріледі.
Өсетін орны мен таралуы Қаржемістің отаны Солтүстік Америка, Канада да кездеседі. Қазақстанда ақ қаржеміс өседі. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Ұшқаттар Санат:Қазақстан флорасы