Суссекс тауығы Ерекшеліктері Суссекс тауығы - етті , жұмыртқалы тұқы. Ірі кеудесі кең, құйрығы қысқа. Қауырсыны ақ, құйрығы мен мойнының қауырсыны қара. Қоразы 3,5кг, мекиені 3 кг, жылына 150-170 жұмыртқа салады, жұмыртқасының салмағының салмағы 60-65 г. Балапаны тез өседі. 70 күндік балапанының салмағы 1,2 кг. Суссекс тауығы КСРО-да бройлер буданын шығаруға пайдаланылады. Мәскеу облыстарында, Украинада өсіріледі. Қазақ Совет Энциклопедиясы. Алматы қаласы,1977 ж. 10-том, Самал Жел-Тегене. 453-бет Дереккөздер