Сема жотасы Орналасуы Сема жотасы – Алтайдың Солтүстік- Батыс бөлігіндегі жота. Оңтүстік- батысында Теректі жотасын, Солтүстік – Батысында Қатын өзенінің сол жағалауын бойлай Сема өзенінің сағасына де»ін созылып жатыр. Ұзындығы 120км, биіктігі 2506 м. Көбіне метаморфты жыныстарда түзілген. Беткейлерінде бал қарағай, қара самырсын, самырсын, қара ағаш, қарағай, қайың, жөке ағаштары өседі. Одан жоғары тастақты тундра. Қазақ Совет Энциклопедиясы. Алматы қаласы,1977 ж. 10-том, Самал Жел-Тегене. 112-бет Дереккөздер