Тіршілік циклі Малярия ауруының қоздырушысы. Адам мен құстардың кейбір түрлерінде паразиттік тіршілік етеді. Тіршілік циклінің жартысын олардың қанында, жартысын малярия масасында өткізеді. Адам қаны эритроциттерінде шизогония жолымен жыныссыз көбейетін амеба тәріздес паразиттерді байқауға болады. Есейген соң олар(шизонттар) ұсақ мерозоидтарға бөлінеді. Саны 1мм3 қанда 100ге дейін жетеді. Маляриямен ауырған адамды маса шағып, ол қанмен бірге оның(масаның) асқазанына түсіп, гамета түрінде дамиды. Копуляция жолмен зигота(оокинета) түзіледі. Масаның ішегінің қабырғасына еніп, біренше рет бөлініп, мыңдаған қозғалмалы спорозоидтар түзеді. Маса сілекейінде мыңдаған спорозоидтар жиналып, қайта адамға түседі. Адамның эритроциттерінде бөлінген кезде адамда лихорадка болады.
Дереккөздер: