Сарыханов Нұрмұрат Биографиясы және ерен еңбектері Сарыханов Нұрмұрат (1906 ж, қазіргі Түркменстан, ССР, Геок-тепе селосы,- 4. 5. 1944, Молд. ССР, Бендеры ауданы, Далекеу дер. ) – түрікмен жазушысы. Орта Азия коммунистік университетін бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысып, майданда қаза тапты. Сарыханов шығармаларында советтік өмір шындығын суреттеді, түрікмендердің өмірі мен тұрмысындағы жаңа нышандарды көрсетті. «Жезде», «Бай ашуы», «Ақ үй», «Ең соңғы киіз үй», «Жарыққа ұмтылу» т.б. әңгімелеріндеескі әдет-ғұрып пен салт-сананы әшкерклксе, «Арман», «Махаббат», «Мерген» атты шығармаларында адамдардың тұрмысы мен санасындағы жаңалықтарды суреттеді. Сарыханов шығармалары КСРО халықтарының көптеген тілдеріне аударылды. 1961 ж оның «Әңгімелер» жинағы қазақ тілінде жеке кітап болып шықты. Қазақ Совет Энциклопедиясы. Алматы қаласы,1977 ж. 10-том, Самал Жел-Тегене. 417-бет Дереккөздер
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Нұрмұрат Сарыханов · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.