Нұрмақ Байсалықов (1893, Ақмола губерниясы, Сарытерек уезі - 1937) – партия-кеңес қызметкері, Қазақстандағы жұмысшы қозғалысына қатысушы. 1920 жылдан КОКП мүшесі.
Өмірбаяны Екінші дәрежелі бастауыш мектепті бітірген. 1922-24 жылдары Орынборда жұмысшы факультетінде оқыған. 1908-20 жылдары Успенск кенінде, Спасск зауытында, Қарағанды шахталарында жұмысшы болды. Сол жылдары осы кәсіпорындарында өріс алған тап күресіне белсене аралысты. Азамат соғысы жылдары ЧОН отрядында, азық-түлік комитетінде істеді. 1923-27 жылдары ҚАССР ОАҚ председателінің орынбасары. 1927-29 жылдары жер, орман қызметкерлері өлкелік одағының председателі 1929-34 жылдары Қарсақбай комбинаты директорының орынбасары Орталық халық шаруашылығы өлкелік советінің бөлім бастығы Ақмола облысы аткомы председателінің орынбасары қызметтерін атқарды. Өмірінің соңғы жылдары Қарағанды облысындағы Қоңырат аудандық партия комитетінің 1-секретары болды.
Қоғамдық қызметі 1922-29 жылдары обл. өлкелік партия комитеттерінің, ҚАССР ОАҚ-нің мүшелігіне сайланды.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:1893 жылы туғандар Санат:Сарытерек уезінде туғандар Санат:1937 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан революционерлері Санат:Қазақстан премьер-министрінің орынбасарлары Санат:Қоңырат аудандық партия комитетінің бірінші хатшылары