Балауыз ағаш() – кендірлер тұқымдасыың хойя тегіне жататын шырмалғыш өсімдік, суккулентті мәңгі жасыл бұта түрі. Кеңінен тараған үй өсімдігі.
Биологиялық сипаттамасы Сабағы шала сүректенген, өркендері әлсіз, ұзындығы 3 м-ден асады, оралып өседі. Жапырағы сопақ. қалың, бетін жұқа балауыз басқан, жылтыр, хош иісті. Гүлі балауыз тәрізді, жұлдыз бейнелес, ақшыл қызғылт түсті. Гүл шоғы шатырша, салбырап тұрады. Балауыз ағаш қалемшелерімен көбейтіледі.
Таралуы Балауыз ағаш Қытай мен Аустралиядан тараған. Қазақстанда оранжерея мен үйде әсемдік өсімдік ретінде өсіріледі Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 2 том.
Галерея +center|150pxcenter|250px center|250px
Дереккөздер
Санат:Кендірлер