Тапирлар тұқымдасының (Тарігidае) алдыңғы аяғы төрт саусақты, артқы аяғы үш саусақты болатын ірі жануарлар жатады.
Тапирлар тұқымдасының мұрны жоғарғы ерінімен бірігіп, қысқа тұмсыққа айналған. Терісі кысқа түбітпен жабылған, құйрығы қысқа болады. Қазір бұлардың бес түрі белгілі. Олардың төрт түрі Оңтүстік Америкада және бір түрі — Оңтүстік шығыс Азияда тіршілік етеді. Батпақты тоғайларды мекендейді. Тапирлар су жағасындағы, судағы су өсімдіктерімен қоректенеді. Іңір немесе түн жануары.«Омыртқалылар зоологиясы» С. П. Наумов- Алматы «Мектеп» баспасы Галерея
Дереккөздер
Санат:Тақтұяқтылар