thumb|Үй тышқаны Тышқандар тұқымдасы (Мигісіае). Тышқандар — көбінесе інде тіршілік ететін, кеңінен тараған кемірушілер. Бұлар негізінен өсімдіктермен, кейбір түрлері ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Тышқандар — тез жетілетін, өсімтал жануарлар. Қоректік азық мол болып, қолайлы жағдай туса, кейбір түрлері жыл бойы көбейе береді. Тышқан тұқымдастарынан біздің елімізде егеуқйрықтар кездеседі. Бұл топтың негізгі өкілдері сүр егеуқұйрық немесе қаптесерлер. Бұлар — көбінесе құрылыстарда, адам мекендейтін жерлерде болады. Тышқандардың көптеген түрі барлық жерлерде кездеседі. Үй тышқаны Дала тышқаны Орман тышқаны т.б. Орман тышқандары ағаштың себілген тұқымын тасып, өскінін жойып, зиянын тигізеді. Егіс тышқаны — басқа тышқандардан азу тісінің құрылысындағы ерекшелігімен және құйрығының қысқа болуымен ажыратылады. Бұлар — астық шаруашылырының зиянкестері. Арктикада лемминге деген бір түрі кездөседі. Олардың кейбіреулері кыс-қа қарай түсін аққа өзгертеді. Шөлді жерлерде құм тышқан-дары кездеседі. Бұлардың басқаларына қарағанда ірі, сүйретілген ұзын құйрығы болады. Тағы қараңыз Тышқандар «Омыртқалылар зоологиясы» С. П. Наумов- Алматы «Мектеп» баспасы Дереккөздер
Санат:Кеміргіштер