нобай|оңға

Кутахов Павел Степанович ( 03 (16). 08. 1914 жылы туған, Малокирсановка селосы, қазiргi Ростов облысының Матвеево-Курганский ауданы — 03. 12. 1984, Москва) — кең. әскери қайраткерi, авиация бас маршалы (1972). екі рет Кең. Одағының Батыры (01. 05. 1943, 15. 08. 1984), КСРО-ның еңбек сiң. ұшқышы (1966). Шаруа семьясында туған. 1942 жылдан КОКП мүшесi. Кең. армиясында 1935 жылдан қызмет атқарады. Ұшқыштардың әскери мектебiн (1938), Жоғары офицерлiк ұшу-тактикалық курсын (1944), К. Е. Ворошилов атындағы Жоғары әскери академияны (1957) бітірген. 8-сайланған КСРО Жоғ. Кеңесінің депутаты. Ленин орденiмен, 5 рет Қызыл Ту, 1-дәрежелi Отан соғысы, Александр Невский, 2 рет Қызыл жұлдыз ордендерімен және медальдармен марапатталған.Қазақ Совет Энциклопедиясы.1975. Том 6

Дереккөздер

Санат:1914 жылы туғандар Санат:1984 жылы қайтыс болғандар