Омепразол Фармакологиялық тобы Ойық жараға қарсы қолданылатын препараттар мен гастроэзофагеальді рефлюксті емдеуге арналған препараттар. Фармакодинамикасы Омепразол бензоимидазольді туындыларға жатады. Асқазанның париетальді жасушаларының қышқылды ортасында омепразол белсенді метаболитке –Н, К, -АТФ-азаның цистеинді топтарының бірімен қайтымсыз байланысатын және ферменттің (протонды помпаның) белсенділігін тежейтін сульфенамидке айналады. Осылайша, омепразол қышқыл түзу үдерісіне тұз қышқылы фермент белсенділігінің тежелуы дозаға тәуелді сипатта болады. Қолданылуы Асқазан мен 12-елі ішектің ойық жара ауруында Эрозиялық емес және эрозиялық эзофагитте Гастроэзофагеальді рефлюксті ауруда, рефлюкс-эзофагитте Золлингер-Эллисон синдромында Біріктірілген ем құрамындағы асқазанның Helicobacter pylori-ұласқан ауруында Қабынуға қарсы стероидтер емес дәрілерді қабылдауға байланысты асқазан-ішек * * * жолдарының эрозиялық-ойық жаралы зақымдауында Қолдануға болмайтын жағдайлар Препараттың кез-келген компонентіне асқын сезімталдықта Жүктілікте және лактация кезеңінде Балаларға және 16 жасқа дейінгі жасөспірімдерге. Саудалық атаулары Омез, омегаст, лосепразол. Лекарстенные средства. М.Д. Машковский. Ташкент, 1998 Дереккөздер

Санат:Дәрілік заттар