Зубовка — Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданындағы кент, Зубовка кенттік әкімдігі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Алтай қаласынан солтүстікке қарай 5 км жерде, Бұқтырма өзенінің сол жағалық аңғарында, бұта аралас самырсын, балқарағай орманы өскен тау баурайында орналасқан.

Тарихы Іргесі 1973 жылы қаланған.

Кәсіпорындары Зубовкада “Зырянов сыра зауыты” акционерлік қоғамы, “Элеватор” серіктестігі және бірнеше шаруа қожалықтары құрылған.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен темір және автомобиль жолдары арқылы қатынасады.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен26222318 1474 63,6 1159 745 64,3 1159 729 62,9

Дереккөздер

Санат:Алтай ауданы елді мекендері Санат:Қазақстан кенттері