Криогенік техника — криогендік температура (яғни 120 К-тан төменгі температура) шығарып алуға және оны пайдалануға арналған техника. Криогенік техника газ сұйылту, оны сақгау және тасымалдау, төменгi температуралық тәсілдер негiзiнде газды қоспалардан арылту (мысалы, өндiрiстiк тәсiлмен ауадан таза азот, оттек, аргон т.б. бөлiп алу), криогендiк рефрижераторлар мен тоңазытқыштар жасау, асқын өткізгiштiк т.б. элентротехникалық құрылғылар (магниттер, солееноидтар, трансформаторлар, кабельдер, гироскоптар т.б.) мен электрондық приборларды, биологиялық объектiлердi криогендiк температураға дейiн суыту т.б. мақсаттар үшiн пайдаланылады.Қазақ Совет Энциклопедиясы.1975. Том 6
Дереккөздер