Көштаев Құтлымбет (т.-ө. ж. белгісіз) – Кіші жүз ханы Әбілқайырдың 1730 жылы патшаға жіберген елшісі. Көштаев Құтлымбет және осы елшіліктің құрамындағы Сейітқұл Құндағұлов патшаға Кіші жүз ханының арнайы хатын тапсырды. Мұнда Әбілқайыр хан Кіші жүз бен Орта жүз қазақтары Россияның қол астына қарауға дайын деп сенім білдірген. Өйткені сол кездегі қазақ-башқұрт билеушілері арасындағы қарым-қатынастар едәуір дәрежеде шиеленіскен болатын. Сондықтан да Әбілқайыр патша үкіметінің жәрдемімен қазақ-башқұрт арасындағы жағдайды өз пайдасына шегуге тырысқан. Бұл елшілік ең алдымен патша үкіметінен қазақ жерлерін сыртқы шабуылдан қорғауды өтінген. Олар сонымен қатар патша үкіметі қазақтарды өз қарамағына алса, жасақ беруге дайын екендіктерін білдірді. Ақыры 1731 жылы 19 ақпанда патша үкіметі қазақтарды Россияның қол астына алатындықтары жөніндегі грамотаны қазақ елшілігіне тапсырды. Қазақ Совет Энциклопедиясы.1975. Том 6 Дереккөздер
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Құтлымбет Көштаев · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.