Құртқашаш тасжапырақ (Құртқашаштар тұқымдасы) – құмды, шөлді, шөлейт аймақтарда, Каспийден Балқаш-Алакөл ойпаттарына, Қаратаудан Жоңғар Алатауына дейін кездеседі. Жусанды-бетегелі далаларда, сексеуіл шіліктерінде, тоғайларда, қиыршық тасты беткейлерде, тау етегінде өседі. Жапырағы жіп тәрізді өте жіңішке (2 мм), ұзындығы 40 см-ге дейін, өзіне тән ерекшелігі өте тығыз түп, қою сабақтанған бұтақтар. Сәуір-мамыр кезінде гүлдейді, маусым-қыркүйекте жеміс береді. Жемістері үлкен сопақ, үш қырлы қауашақ. Тұқым саны көп, үлкен (5 мм айналасында) созыңқы, қара қошқыл түсті. Мәдени түрде өсірілмейді. А. А. Иващенко. Қазақстан өсімдіктер әлемі. Алматыкітап баспасы, 2012.
Дереккөздер
Санат:Құртқашаштар Санат:Қазақстан флорасы