Нартбай Датқа Байкүшікұлы 1793 жылы Алматы облысы, Көксу ауданы, Сарыбастау бөктерінде дүниеге келген батыр. Нартбай батыр Қытай мен Орта Азия елдері арасында қатынайтын сауда керуенінің басшысы болған. Ел ішіндегі абырой - даңқының арқасында оның басқарған керуені қарақшылардың шабуылына ұшырамай, діттеген жеріне аман баратын болған. Жасы ұлғайғанда өзінің туған ауылы - Көкбастауға келіп, елді егіншілік, диқаншылық кәсіпке жұмылдырған. Нартбай батыр тұрған жерге оның есімі берілген. Бірақ кейін ол жер «Сарыбастау» деп аталдын. Аудан орталығынан 20 км қашықтықта Нартбай батырдың ескерткіші орнатылған. Оның есімімен аталатын бастау да бар.

Дереккөздер

Қ 18 Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық (толықтырылған 2 - басылым). - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010. - 786 б. ISBN 9965 - 26 - 175 - X