thumb| Бабрий (, ; Валерий Бабрий) - б.з-ның 2-ші ғасырында өмір сүрген ежелгі грек мысалшысы, ақыны. Өзінің тегі - итальяндық, жобалап қазіргі Сирияның аймағында өмір сүрген.

Бабрий өз өлеңдерінде Эзоп мысалдарын арқау еткен. Мысалдары оқиғасының қызықтығымен, шындыққа жақындығымен, тілінің тазалығымен тартымды. Бабрий мысалдарында өнеге айту жағы аз, ал әшекелеушілік сарын мүлде жоқ дерлік. Оның 10 кітабынан бізге жеткені - өлеңмен жазылған 140, қара сөзбен баяндалған 60-тай мысалыҚазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 2 том.

Дереккөздер

Санат:Ежелгі Грекия