«Жалғыздың күні» () — драма, режиссёр Роберт Земекистің фильмі. Басты рөлді Том Хэнкс сомдады.

Сюжеті Америкалық тасымалдау қызметкері Чак Ноланд ұшақпен сапарға аттанған кезінде, ұшағы апатқа ұшырайды. Экипаж мүшелері түгел қаза болып, Чак қана тірі қалады. Ол Тынық мұхитындағы аралда 4 жыл жалғыз өмір сүреді. Ол әртүрлі дене жарақаттарын, психологиялық жарақаттар алады. Чак қолдан қайық жасап алып, ашық мұхитпен өзін тауып алғанша, жүзе береді.

Рөлдерде Том Хэнкс - Чак Ноланд Хелен Хант - Келли Фрерс Ник Сирси - Стэн Дженифер Льюис as Бекка Туиг Крис Нот - Джерри Ловет Лари Уайт - Беттина Петерсон Винс Мартин - Альберт Миллер Джофри Блейк - Мейнард Брахам Майкл Форест - Джек Джей Аковон - Петров

Қызықты деректер Түсірілім барысында актёр Том Хэнкс «профессионалды ерлік» жасады — ол 15 килограммға арықтады. «ТӨРТ ЖЫЛ ӨТКЕН СОҢ» титрінен кейін, экранда мүлдем басқа адам — арық, әрі ұзын Том пайда болады. Осы рөл үшін Том Хэнкс «Оскар» жүлдесіне ұсынылып, бірақ Рассел Кроуден ұтылып қалады (фильм « Гладиатор»). Фильм Монурики аралында түсірілді. «Жалғыздың күні» әлемдік прокатта 2000—2001 жылдардағы түсімді фильм болды, пайыздық көрсеткіші бойынша, Ридли Скоттың « Гладиатор» атты блокбастерін артта қалдырды.

Жүлделер ОСКАР — 2001 2 номинацияда: Том Хэнкс («Үздік ер адам рөлі») және «Үздік дыбыс». АЛТЫН ГЛОБУС — 2001 Том Хэнкс (номинация «Үздік драмалық ер адам рөлі») «MTV» телеарнасың жүлдесі — 2001 4 номинацияда: Үздік экшн-көрініс, Үздік сүйісу (Том Хэнкс пен Хелен Хант), Үздік ер адам рөлі (Том Хэнкс) Британдық киноакадемия — 2001 Номинация: Үздік ер адам рөлі (Том Хэнкс)

Саундтрек 1.«Cast Away» — 3:44 2.«Wilson, I’m Sorry» — 1:39 3.«Drive to Kelly’s» — 3:54 4.«Love of My Life» — 1:47 5.«What the Tide Could Bring» — 3:39 6.«Crossroads» — 2:08 7.«End Credits» — 7:29 Дереккөздер

Сілтемелер

Санат:Роберт Земекис фильмдері Санат:АҚШ шытырман оқиғалы фильмдері Санат:АҚШ драма-фильмдері Санат:20th Century Fox фильмдері Санат:DreamWorks Pictures фильмдері