Ультразавр — керік мойынды, денесі үлкен, шөппен қоректенетін динозавр. Ол — біз білетін ұзын бойлы, алып денелі динозаврлардың бірі. Ультразаврдың қалдықтары турасында айтылып жүпген қызықты пікірлер көп. Мысалы, динозаврдың сүйегі екі динозаврдың — брахиозавр мен суперзаврдың сүйектерінің қосындысынан тұрған деген дерек. бұл екеуі де — ірі денелі, төрт аяқты шөпқоректі, ұзын мойынды, құйрықты жануарлар. Ультразавр төрт аяқпен қозғалған. Ұзындығы — 25—30 метр, биіктігі — 15 метр, салмағы — 55—130 тонна.

Қызықты дерек

Оның атауын Брайам Янг университетінің профессоры Джейм Дженсон берген. 1979 жылы америкалық палеонтолог АҚШ-тың Колорадо жерінен жануардың ежелгі Юра дәуіріне жататын бірнеше сүйегін тапты.*Ультразавр тамағын шайнамай, бүтіндей жұта алған. Оның тамағы ішке түскесін өзі қорытылған. Ультразаврдың тасқа айналған қалдықтары брахиозавр мен суперзаврдың сүйектеріне өте ұқсас. Атауын 1985 жылы Джеймс Дженсен берген. Кейінірек динозаврдың атауы “ультразавр макинтош” деп өзгертілді. Өйткені, мұндай атау бұған дейін басқа динозаврға тиесілі болатын.

Қорегі: өсімдіктер Салмағы: 55—130 тонна. Тұқымдас: Брахиозаврид. Отряд тармағы: Завропод Динозавр энциклопедиясы—Алматы: „Аруна“ баспасы

Дереккөздер

Санат: Динозаврлар