Кіші Ресейлік Коллегия- Ресейде 1722 жылы Украин гетманы мен бас старшина қызметін бақылау үшін құрылған орталық мекеме. Ол Украинаға орналасқан орыс полктерінің , офицерінен және прокурордан құралды. Азаматтық істер жөнінде Сенатқа, әскери істер жөнінде Украинадағы орыс әскерлерінің бас қолбасшысы князь М.М. Голицынге бағынды. Глхово қаласында орналасты. Орыс-түрік патша үкіметі украина старшинасының көмегі болады деген ниетпен кіші Ресейлік коллегияны жойып, орыс чиновниктерінің бақылауында гетман өкіметін уақытша қалпына келтірді. Екатирена 2 1764 жылы гетмандық өкіметті жойып, П.А. Румянцев басқарған қіші Ресейлік коллегияны қалпына келтірді. Он сегізінші ғасырдың 60-80 жылдары Украина автономиясы түпкілікті жойылып, оған Ресей империясындағы тәртіптер орнатылуына байланысты 1786 жылы кіші Ресейлік коллегия жойылды.

Дереккөздер Қазақ Совет Энциклопедиясы