thumb|Каудиптерикс Каудиптерикс атауы қауырсынды құйрық деген мағына береді. Ол — шамамен 120—136 миллион жыл бұрын кейінгі Юра дәуірінен ерте Бор дәуіріне дейінгі кезеңде өмір сүрген қауырсынды теропод. Велоцирапторға ұқсайтын динозавр қазіргі құстардың арғы атасы блуы мүмкін. Каудиптерикс — қауырсынды динозавр. Оны ғалымдар алғашқыда протархеопетрикспен шатастырған. Аты айтып тұрғандай, каудиптерикстің құйрығында ерекше әдемі қауырсынды түйін болған. Қызықты дерек Каудиптерикстің қалдықтары алғаш 1997 жылы солтүстік-шығыс Қытайдағы Ляонин провинциясынан табылған. Каудиптерикстің қысқа, дөңгеленген тұмсығы, аузының алдыңғы бөлігінде бірнеше тісі болған. Мәліметтер Қорегі : өсімдіктер мен ұсақ жануарлар Салмағы : 680 грамм Тұқымдас : Каудиптерид Отряд тармағы : Теропод Динозавр энциклопедиясы—Алматы: „Аруна“ баспасы Дереккөздер
Санат: Динозаврлар Санат: Зоология