thumb|Атласкопкозавр Атласкопкозавр — ерте Бор дәуірінде Австралияның оңтүстік-шығысын мекендеген кішкентай динозавр. Ол өмір сүрген дәуірде Австралия мен Антарктида құрлығы арасында ажырау үдерісі басталған болатын. 1989 жылы динозаврға атау берген — Т. Рич және П. Рич атты ерлі-зайыпты ғалымдар. Ұзындығы — 2-3 метр, ал салмағы шамамен — 125 келі. Атласкопкозавр екі аяқты, ширақ жүретін, шөппен қоректенетін динозавр болған. Үстіңгі тістері АҚШ-тың Монтана штатынан табылған зефирозаврдың тістеріне ұқсайды. Бірақ зефирозавр одан әлдеқайда кіші, тістерінің альвеолалары әлсіз болған. Қызықты дерек Динозаврдың атауы 1980 жылдардың аяғында Виктория шөліндегі динозавр үңгірінде жасалған қазба жұмыстар үшін перфораторлар мен компрессорлар берген компанияның құрметіне қойылды. Атласкопкозаврдың жақ сүйектері мен тістері 1989 жылы табылған. Мәліметтер Қорегі : жапырақтар, жемістер, өсімдіктер Салмағы : 125 келі Тұқымдас : Гипсилофодонтид Отряд тармағы : Церапод Динозавр энциклопедиясы—Алматы: „Аруна“ баспасы Дереккөздер
Санат: Динозаврлар Санат: Зоология