Бұзаубас зебра акулaсыАкулалар, Дельфиндер және киттер .-Алматы: "Аруна" баспасы. -Сер: "1100 қызықты деректер" ISBN 978-9965-26-553-2 () – Тынық мұхиты, Австралия, Индонезия мен Шығыс Азия аймақтарының су түбін мекендейді. Бұл акулалардың үстіңгі жағы-сұр, ал бауыр тұсы ақ түсті болады. Бұзаубас зебра акуласының ұзындығы -1,25 метр шамасында. Акуланың осы түрін Тынық мұхитының ішкі суларынан және Оңтүстік Қытай теңізінің тереңдігі 50 метрлік сулардан да кездестіруге болады. Басы трапеция тәрізді. Көзінің үстіңгі жағы томпайып тұрады. Бұзаубас зебра акуланың арқасында екі қанаты бар. Олар жұмыртқа салу арқылы көбейеді. Бір қызығы, олардың жұмыртқасы бұрамалы шегеге қатты ұқсайды. Терісінде қоңыр немесе қара жолақтары бар. Басы- бұзаубастың басына, ал денесіндегі жолақтары зебранкіне ұқсас болғандықтан «бұзаубас зебра акуласы » аталған. Есейген бұзаубас зебра акуланың салмағы 318 келі тартады. Бұзаубас зебра акуласы өте ширақ жылдам жүзеді.

Дереккөздер

Санат:Акулалар