Ацетальдегид немесе сірке альдегиды немесе этаналь немесе метилформальдегид - химиялық формуласы:СH3СHO органикалық қосылыс, альдегид. Табиғатта кең таралған: піскен жемісте, кофеде, нанда кездесетін, өндірісте үлкен мөлшерлерде жасалатын маңызы зор альдегид.

Физикалық қасиеттері Ацетальдегид - түссіз, тыныс тарылтатын күшті иісі бар сұйық зат. Қайнау температурасы - 20,8°С, балқу температурасы - 124°С, тығыздығы - 783 кг/m³. Су, спирт және эфирмен қандай мөлшерде болса да араласа береді. Уытты зат.

Рационалдық құрамы: С2H4OC 54,53 %, H 9,15 %, O 36,32 % Молярлық массасы: 44,0526 ± 0,0022 г/моль

Алынуы 2003 жылдың мәліметі бойынша, бүкіл әлемде ацетальдегид жылына 1 млн тонна алынады.

Кучеров реакциясы Ацетальдегидті өндірісте көбіне М.Г.Кучеров реакциясы бойынша (мысалы, Теміртаудағы синтетикалық каучук зауыты) ацетиленге су қосып, 95°С температурада сынап тұзы қатысында алады:

Бұл тәсілде этил спиртің тотықтандырады немесе дегидратация жасайды, мыс немесе кұміс катализатордың қатысуымен:

Вакер процессі Соңғы уақытта өндірісте ацетальдегидті алу үшін Вакер процесін қолданады:en:Wacker process).

Тотықтандырғаш ретінде Паладий хлориді қолданылады. Мыс хлориді мен оттек қатысуымен өтеді:

Химиялық қасиеттері Басқа да α-көміртек атомында сутекпен карбонилды қосылыстары бар химикалық заттарда сияқты, ацетальдегидте таутомерия байқалады: бөлме температурасында енол тұзеледіMarch, J. «Organic Chemistry: Reactions, Mechanisms, and Structures» J. Wiley, New York: 1992. ISBN 0-471-58148-8.): 400 px

Ацетальдегид қышқылдардың әсерінен оңай полимерленіп, сұйық паральдегид (СH3СHO)3 және кристалдық метальдегид (СH3СHO)4 береді, ал екеуіне күкүрт қышқылдан қосып қыздырса, олар ажырап, қайта Ацетальдегид түзеді.

Қолдануы Ацетальдегид сірке қышқылы , бояғыштар, дәрі-дәрмек, хош иісті заттар алуда және органикалық синтезде қолданылады.

Дереккөздер

Санат:Органикалық заттар Санат:Альдегидтер