Григорьевка — Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы, Григорьев ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Географиялық орны Аудан орталығы – Смирново ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 13 км-дей жерде, Обалы көлінің шығысында орналасқан.
Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 311 адам (167 ер адам және 144 әйел адам) болса, 2009 жылы 87 адамды (43 ер адам және 44 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Дереккөздер
Санат:Аққайың ауданы елді мекендері