Кіші қабыршөп (лат. Vínca mіnor)Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет. - қос жарнақтылар өсімдіктері тұқымдасына (Apocynaceae) жататын, үнемі көгеріп тұратын, аласа, бұталы өсімдік.

Сипаты

Биіктігі 60 см-ге жетеді. Сабағы жайыла өседі. Сопақша келген, эллипс тәрізді жапырақтары қарама-қарсы орналасқан. Жапырақтарының сағақтары қысқа, екі жағы да жылтыр қою жасыл түсті. Гүл тостағаншасы 5 қалақшадан тұрады. Гүл тәжі қара көк түсті. 5 гүл жапырақшасы бар, жоғарғы жағы біртіндеп кеңейетін түтікшеге ұқсайды. Мамыр айында гүлдейді. Жемісі шілде айында піседі. Бұталардың арасында, орманды жерлерде, далалы аймақтарда өседі.

Емдік қасиеті Дәрілік мақсат үшін кіші қабыршөптің жер үстіндегі бөлігін мамыр-маусым айларында пышақпен кесіп немесе орақпен орып алады. Тамырымен жұлуға болмайды. Құрамында винин, пубесцин, минорин, винкамин деген алкалоидтар, рутин және илік заттар бар. Кіші қабыршөптен жасалған дәрілер қан қысымын төмендетіп, мидың қан тамырларын кеңейтеді, кей жерлерде іш өткенді емдейді. Бұл өсімдікті бақтарға әсемдік үшін де егіп тастайды. Халық арасында кіші қабыршөпті қасиетті деп есептеп көрнекті таза жерлерге іліп қоятын болған.

Тағы қараңыз Дәрілік өсімдіктер

Дереккөздер

Санат:Дәрілік өсімдіктер Санат:Кендірлер