Кешірім Бозтайұлы Бозтаев (25 маусым 1933, Ақшатау ауылы, Аягөз ауданы, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақ АКСР, РКФСР, КСРО — 7 тамыз 1999, Семей)https://semeylib.kz/?page_id=11508 — қоғам және мемлекет қайраткері, Семей облысының бұрынғы бірінші хатшысы.
Ол М.С. Горбачевке ядролық қаруға қарсы құпия шифр хабарламасын жіберуші ретінде белгілі, бұл хабарлама Семей сынақ полигонында атом қаруын сынауға қарсы алғашқы ашық наразылық білдірулердің бірі болды.
Өмірбаяны
Кешірім Бозтаев 1933 жылдың 25 шілдесінде бұрынғы Семей облысы Аягөз ауданының Ақшатау ауылында дүниеге келген, Найман тайпасының Қаракерей руының Сыбан бөлімінен шыққан.
Қазақ тау-кен институтын инженер-металлург мамандығы бойынша бітірген.
Институтты аяқтағаннан кейін рафинирлеуші, аға балқытушы, ауысым шебері, технолог, цех бастығы, Өскемен қорғасын-мырыш комбинатының партком хатшысы (1956-1973); ШҚО партия комитетінің хатшысы, екінші хатшысы (1973-1985); ШҚО облаткомының төрағасы (1985-1987); Семей обкомының бірінші хатшысы (1987-1991); Халық депутаттары Семей облыстық Кеңесінің төрағасы (1991-1993) қызметтерін атқарды.
Кешірім Бозтаев Шығыс Қазақстан және Семей облыстары өнеркәсібінің дамуына зор үлес қосты. 1989 жылы 20 ақпанда СОКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы М. Горбачевтің атына шифрограмма жолдап, Семей сынақ полигонында ядролық сынақтардың тоқтатылуын талап еткен тұңғыш азамат. КСРО әскери - өнеркәсіптік кешенінің қарсылығына қарамастан, полигонды жабу жолында 1991 жылға дейін үздіксіз күрес жүргізді. Өзі Қазақстан Компартиясы Семей обкомының бірінші хатшысы бола отырып, 80 – жылдардың соңында құрылған «Семей – Невада» қозғалысына қолдау көрсетті.
КСРО Қорғаныс министрлігінен ядролық сынақтардың радиациялық салдарлары туралы материалдарды жариялауын және бұл ақпараттарды Қазақстанға беруін, Семей полигонының маңайында орналасқан елді мекендерге қаржылық көмек көрсетілуін, тұрғындардың әлеуметтік – экономикалық жағдайының жақсартылуын, сондай-ақ өңірдегі радиоэкологиялық жағдай мен тұрғындардың денсаулығын тексеретін комиссияның құрылуын талап етті.
Бозтаев Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсанда қабылданған «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау» туралы Заңының, ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен тұрғындарды медициналық оңалту бағдарламасының авторы. 1996 жылы Қазақстанның белгілі қоғам қайраткерлерімен бірге Халықаралық «Полигон – 29 тамыз» қоғамдық қайырымдылық қорын құрды. 2002 жылы бұл қор БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесінде консультативтік статусқа ие болды.
Қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген «От первого огня до атома» (1956), «Опыт комплексного использования сырья на Усть-Каменогорском свинцово-цинковом комбинате» (1972), «Семей полигоны» (1992), «Синдром Кайнара» (1995), «Полигон - 29 августа» (1998, Жапонияда қайта басылған) кітаптарының авторы.
К. Бозтаев үш мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен, көптеген Құрмет Грамоталарымен марапатталған. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері. 1997 жылдан Ұлттық қауіпсіздік мәселелерін зерттеу академиясының (Мәскеу) толық академик – мүшесі, «Экология» халықтық академиясының академигі, Семей мемлекеттік медициналық академиясының Құрметті профессоры, Семей қаласының Құрметті азаматы. Материалды Абай атындағы Семей әмбебап кітапханасы ұсынған.
Дереккөздер
Сілтемелер thumb|right|200px|Кеңсай зиратындағы ескерткіші Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА Қабышұлы Ғ. Ақиқат - анық айтылса ғана ақиқат // Қазақ әдебиеті. - 2011. – 10 б. Пигаваев В. Есімі еске алуға әбден лайық // Егемен Қазақстан. - 2011. - 2 б. Сейсенұлы Д. Полигон кімге зардап...: К.Бозтаевтың"Қайнар синдромы" атты кітабы туралы // Егемен Қазақстан. - 1995. Сәрсеке М. Шығыс елі риза саған, Кешірім // Семей таңы. - 2009. - 20 тамыз. - 4 б.; Семей таңы. - 2009.; – 4 б. Бозтаев Кешірім // Шығыс жұлдыздары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.2 / Құраст. Есдәулет Ұ.; Құрмансейіт Қ.; Кәпұлы Д. - Астана: Фолиант, 2011. – Б. 274-275. ISBN 978-601-292-359-9
Санат: КСРО Жоғарғы Кеңесінің мүшелері (1989–1991) Санат:Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті түлектері Санат:Қазақ КСР округтарынан сайланған КСРО халық депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 11-шақырылымының депутаттары Санат:Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитетінің төрағалары Санат: Кәсіпорындар мен ұйымдардағы КОКП партия комитеттерінің хатшылары Санат:Қазақстан КП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің екінші хатшылары Санат:Қазақстан КП Семей облыстық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Семей облыстық кеңесінің депутаттары Санат:КОКП XXVII съезінің делегаттары Санат:КОКП XIX конференциясы делегаттары Санат:Семейдің құрметті азаматтары Санат:Кеңсай зиратында жерленгендер