Айналғыш мақтанторғай () - Торғайтәрізділер сабының Сандуғаштар тұқымдасының Айналғыш мақтанторғайлар тегінің құсы. Бұрын тұқымдасына жатқызған.
Таралуы Айналғыш мақтанторғайдың табиғи ареалы - Ауғанстан, Алжир, Мысыр, Иран, Израиль, Иордания, Ливан, Ливия, Мавритания, Морокко, Оман, Пакистан, Ресей, Сауд Аравиясы, Сирия, Тәжікстан, Тунис, Түрікменстан, Біріккен Араб Эмираттары, Өзбекстан және Йемен.
Қазақстанда Қызылқұм шөлі үстіртпен Маңқыстау шекарасындағы құмды аймақтардан ұялары табылған.
Сипаттамасы Бұл - ашық сұр түсті кішкентай құс (салмағы небәрі 9-10 г). Басында ұзыншақ қара теңбілдері бар және едәуір ұзын құйрығын үңгірек сияқты жоғары тік көтеріп, үнемі қозғалтып отырады. Уақытының көбін бұта арасында өткізеді, келесі бұтаға төмен ұшып барады. Дауысы - нәзік созылыңқы ысқырықтан шиқылға ұласады. Бұлар ешқашан жеке жүрмейді, тек топ болып тіршілік етеді. Негізінде жәндіктермен, жылдың суық кезінде өсімдік дәндерімен қоректенеді. Ұясы бұталарда,ішіне қалың қауырсын төселген науада 6-9 жұмыртқасын аналығы басып шығарады. Балапандарын 14 күн ұяда, осынша күн ұшқаннан кейін, екеуі асырайды. Жазда екі рет балапан ұшырады. Тіршілігі толық зерттелмеген.
Дереккөздер
Санат:Торғайтәрізділер Санат:Сандуғаштар