Мағзұмов Тоқтарбек (1958), жазушы, зерттеуші, Қазақстан Журналистер Одағының (2003) және Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі (2008 ж.), TURKSOY Жазушылар Одағының мүшесі (2026 ж.).

Өмірбаяны

Мағзұмов Тоқтарбек 1958 жылы Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданы Қызыл Жұлдыз ауылында туған. 1975-1977 жылдары ауыл мектебінде жұмыс істеген. 1982 жылы Алматы қаласының Ауылшаруашылық институтының агроном мамандығы бойынша, 1998 жылы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің мемлекеттік басқару жүйесі факультетін бітірген.

1982-1992 жылдары Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық басқармасында, 1992-1997 жылдары Шығыс Қазақстан аймақтық жекешелендіру комитетінде бөлім бастығы 1997-2001 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық мекемелерді қайта құру, жабу басқармасының бастығы болып қызмет істеген. 2001-2002 ж.ж. Өскемен қаласының жиһаз жасау комбинаты бойынша конкурстық басқарушы, Өскемен қаласы әкімшілігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы және Өскемен қаласының мемлекеттік коммуналдық мекемесінің бастығы қызметтерін атқарды.

Шығармашылық жолы Әдебиетте алғашқы қадамын әңгіме, новеллалар жазудан бастаған. Тұңғыш туындылары 1982 жылдан бастап облыстық Дидар (Коммунизм туы), «Ақ Ертіс» журналы мен Лениншіл жас (қазіргі Жас Алаш) газеттерінде жарияланды. Кейін әңгіме, хикаяттары республикалық «Жұлдыз» журналы мен «Жас Алаш» және «Қазақ әдебиеті» газеттерінде, облыстық орыс тілінде шығатын «Изумрудный Алтай» журналында романы жарық көрді.

Шығармалары «Қыз суреті» (2003), «Алтай әуендері» (2005), «Байберді асуы» (2007) «Райыстан -Оралханға дейін» (2014), «Құзғынды қырғыны» (2015), «Жазушы жолы» (2015), «Әбдікерім және Алаш» (2016), «Алтай өрнектері» (2022), «Судьбы и тревоги Алтая» - орыс тілінде (2023), «Тень Байтерека» - орыс тілінде (2023) «Алтай Алашы» (2023) тарихи роман.

2006 жылы Оралхан Бөкейдің әңгіме желісімен түсірілген «Бес тиын» көркем фильміне продюссер болды.

Марапаттары

2023 жылы Тоқтарбек Мағзұмов "Алтай өрнектері" кітабы үшін Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты атанды.

Дереккөздер

1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА

Санат: Мәдениет

Санат:1958 жылы туғандар