thumb|300px| 1 Жер 2 Жер серігі орбитасы 3 Жер серігі 4 экватор 5 Жердің айналу білігі 6 перигей 7 апогей Перицентр и апоцентр ( «пери» — қасында, «апо» — қашықтағандықты білдіреді,  — орталық) — астрономиялық дененің орбитасының сол дененің центрінен ең жақын және ең қашық нүктелері.

«Центр» деген сөздің орнына әр астрономиялық денеде өзіне сәйкес атаулары қолданады. Мысалы, гелиос — Күн, гея — Жер, астра — Жұлдыз т.б.

Сондай-ақ, Ай жасанды серігінің орбитасының Ай центрінен ең жақын нүктесін периселений, ал ең қашық нүктесін апоселений деп атайды.

Күн төңірегінде айналатын ғаламшарлардың, астероидтардың, кометалардың апоцентрі мен перицентрін - апогелий мен перигелий деп атайды.

Шолпанның орбаталарындағыларды - перигесперий мен апогесперий дейді.

Жұлдыздардың төңірегіндегі орбиталырының нүктелері - периастр мен апоастр деп аталады.

Апоцентр тек эллипс тәрізді орбиталарда болады. Парабола немесе гипербола тәрізді орбиталарда тек перицентр болады.

Астрономиялық дене Перицентрі Апоцентрі General Periapsis/Pericenter Apoapsis/Apocenter Галактика Перигалактика Апогалактика Жұлдыз Периастр Апоастр Күн Перигелий Апогелий Меркурий Перигермион Апогермион Шолпан Перигесперий Апогесперий Жер Перигей Апогей Ай Периселений Апоселенй Марс Периарион Апоарион Юпитер Перизен Апозен Сатурн Перисатурн Апосатурн Уран Периуран Апоуран Нептун Перипосейдон Апопосейдон

Перигелий мен апогелий Кестеде ғаламшарлардың Күн төңірегіндегі орбиталарының перицентрлері мен апоцентрлері берілгенNASA planetary comparison chart http://solarsystem.nasa.gov/planets/compchart.cfm :

Ғаламшар Перигелий дистанциясы Апогелий дистанциясы Меркурий 46001009 км 69817445 км Шолпан 107476170 км 108942780 км Жер 147098291 км 152098233 км Марс 206655215 км 249232432 км Юпитер 740679835 км 816001807 км Сатурн 1349823615 км 1503509229 км Уран 2734998229 км 3006318143 км Нептун 4459753056 км 4537039826 км Церера (астероидтар белбеуіндегі ергежейлі ғаламшар) 380951528 км 446428973 км Плутон 4436756954 км 7376124302 км

Дереккөздер

“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

Санат:Астрономия Санат:Аспан механикасы