Шонай – Қарқаралы орманды-таулы алабының оңтүстігіндегі тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы жерінде. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 8 км-ге созылып жатыр. Ені 5 км.
Жер бедері, геологиялық құрылымы Ең биік жері 1001 м. Кейінгі карбон–пермь гранитоидтарынан және оларды көмкерген элювийлі-делювийлі шөгінділерден түзілген.
Өсімдігі Қиыршықтасты қызыл қоңыр топырағында сұлыбас, боз, шілік, т.б. өседі.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX томҚарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Қарқаралы ауданы таулары