Гетерогенді реактор – активті зонасында ядролық отыны, нейтрондар баяулатқышы және жылу тасығыш элементтері дискретті қабаттар түрінде орналасқан ядролық реактор. Гетерогенді реакторда жылу тасығыш зат ретінде қысымы жоғары су, гелий, сұйық металлдар пайдаланылады. Осы кезге дейінгі жасалған реакторлардың басым көпшілі - гетерогенді реактор, өйткені гетерогенді реакторда жылу бөліп шығаратын элементтерлдің пішінін, ядролық отынның түрін, құралымдық және технологиялық сипаттамаларын реактордың қызмет ету бағытына қарай тиімді түрде таңдап алуға болады. Гетерогенді реактор ғылыми зертханалық жұмыстарын жүргізу мақсатында , сондай ақ электр тоғын және байытылған уран алу үшін пайдаланылады. Санат:Реактор
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Гетерогенді реактор · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.