Антонин әулеті, ( - Рим императорларының әулеті (96-192). Император Антонин Пийдің есімімен аталған.

Антонин әулетіне мыналар жатады: Нерва (96-98) Траян (98-117) Адриан (117-138) Антонин Пий (138-161) Марк Аврелий, бірігіп басқарушы Луций Вер (161-180) Коммод (180-192).

Сенатқа қарсы саясат жүргізген 1 ғ-дағы императорлардан өзгеше Антонин әулеті құл иеленуші ақсүйектердің мүддесін қорғады. Үстем таптардың ынтымағын барынша күшейтіп, империяда саяси құрылысты тұрақтандырды. Бірақ Адриан тұсында дағдарыс нышандары біліне бастады. Алым-салық ауырпалығынан күйзелген ауыл халықы көтеріліске шықты. Антонин әулеті үстемдігін соңғы кезеңінде құл иелену жүйесі құлдырай бастады.

Уақыт сызығы

Галерея

Сыртқы сілтемелер Династия Антонинов. Генеалогия Сердюкова С. Г. Политическая элита эпохи Антонинов // Мнемон: Исследования и публикации по истории античного мира / Под ред. Э. Д. Фролова. — Вып. 2. — СПб., 2003.

Дереккөздер “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

Санат:Ежелгі Рим