Назарбек Кентау Қуантайұлы - әнші, композитор. 1965 жылы 5 наурызда Абай ауданының Қарауыл ауылында дүниеге келген. 1982 жылы Абай атындағы орта мектепті бітірген. 1986 жылы Семей қаласындағы Крупская атындағы педагогикалық институттың көркемсурет факультетіне түсіп, 1991 жылы тәмамдаған. 1992 жылы облыстық жастар комитетіне қызметке тұрып, жастар өміріне белсене араласады. 1994 жылдан қалалық Мәдениет басқармасын басқарды. 1993 жылғы «Үкілі үміт» атты республикалық композиторлар байқауының, Ұлы Абайдың 150 жылдық мерейтойына арналған қалалық, республикалық композиторлар байқауының жүлдегері.
Атағы Әнші, композитор;
ҚР еңбек сіңірген қайраткері;
Қазақстан композиторлар одағының мүшесі;
Абай елінің құрметті азаматы;
Қазақ ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүр Академиясының құрметті профессоры;
Семей медицина университетінің құрметті профессоры;
Тәуелсіздікке 25 жыл төсбелгісінің иегері.
Қызмет жолы 2017 ж. Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайының вокал және аспаптық бөлімдерінің жетекшісі.
2012- 2017 жж. ҚҰӨУ, Қорқыт атындағы ғылыми зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері,
2011-2012 жж. І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің қоғамдық мамандықтар факультетінің деканы,
2010 ж. Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының бас директорының орынбасары,
2007 ж. ШҚО Үржар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы,
1996-2001жж. Семей облыстық ІІБ-ның баспасөз қызметкері, Қоғамдық ұйымдармен байланыс жөніндегі ШҚО-тық ІІБ-ның аға инспекторы,
1994-1996 жж. Семей облысы, қалалық мәдениет бөлімінің басшысы.
1991-1994 жж. Семей қаласындағы № 5 орта мектептің көркем сурет пәнінің мұғалімі, Семей қаласындағы «Сары-Арқа» Фқ-ның «Жастық» театрының қоюшы суретшісі; Семей облыстық әкімшілігі жанындағы жастар ісі жөніндегі комитеттің жетекші маманы,
1986-1991 жж. Семей қаласындағы Крупская атындағы педагогикалық институттың студенті.
1985-1986 жж. Семей облысы Абай ауданы, Абай совхозында қызметкер.
1983-1985 жж. Әскери борышын өтеді.
1982-1983 жж. Семей облысы Абай ауданы, Абай совхозында қатардағы жұмысшы.
Қосымша мәліметтер Қазақстан авторлар қоғамының мүшесі 200-ден астам есті, өрелі әндердің авторы, «Бір бәйтерек, бір шынар», «Қазағым жаса мәңгілік» атты авторлық әндер жинағының авторы, 1986 жылғы «Желтоқсан» қозғалысына қатысушы, «Желтоқсан» ұлт азаттық көтерілісі композитордың жан дүниесіне ерекше сілкініс жасап, өнегелі ән жазуына себепші болған елеулі оқиға болды.
Композитор Теміржан Базарбаевтың шәкірті, қалалық, Республикалық байқаулардың лауреаты, Әндері Республикаға танымал өнер майталмандарының және Қырғыз елі өнер саңлақтарының репертуарына енген.
Кентау Назарбектің 50-ден астам әндері Қазақ радиосының алтын қорына енген. Композитордың 25 тен астам әндері ел ішінде әртүрлі деңгейдегі сахналарда, той, жиындарда кеңінен таралып айтылуда және алыс, жақын шет елдердегі /Қытай, Манғолия, Түркия, Ресей, Дания/ қандас бауырларымыз арасында және Қырғыз елінің әншілерінің арасына жетіп таралған.
1. Қазақ халқының атақты тұлғалары кітабы, АЛМАТЫКІТАП 2010ж.
2. http://kitaphana.kz/
Санат:Қазақстан әншілері