thumb|left|100px|Рутений Рутений (латын. Ruthenium; Ru) — Менделеевтің Периодтық кестесінің VІІІ тобындағы химиялық элемент; рет нөмірі – 44, атомдық массасы - 101,07.

Табиғи Рутенийдің масса сандары – 96, 98-402 және104 болып келетін 7 тұрақты изотопы бар, ең көп тарағаны 102Ru (31.61 %). Рутенийді алғаш рет 1844 ж. Қазан университетінің профессоры, орыс химик Карл Клаус ашып, оны Ресейдің құрметіне атаған (Rutheniа – Ресейдің орта ғасырдағы латынша аты). Жер қыртысындағы салмақ мөлшері – 5*10−7%. Ол платина тобына жататын металдармен бірге кездеседі.

Физикалық қасиеттері Рутений – платинаға ұқсас, күміс түсті ақ, қатты металл.

Тығыздығы – 12,2 г/см³ (20°С), балқу температурасы – 2334 °C, қайнау температурасы – 4077 °C.

Химиялық қасиеттері

Рутений – химиялық инертті металл. Кесек түрінде Патша сұйығында да ерімейді. Ұнтағы қыздырғанда күкүрт қышқылында (NаBrО3 қатысқанда) және гипохлорит ерітіндісінде ериді. Рутений – айнымалы валентті. Қыздырғанда оттекпен (450°С) әрекеттесіп қос тотық RuО2 және төрт тотық RuО4, галогендермен галогенидтер түзеді. Рутений 1000°С күкіртпен әрекеттесіп дисульфит RuS2 түзеді, ол табиғатта лаурит минералы түрінде кездеседі.

Алынуы Рутений платина тобына жататын металдарды өндіргенде шығатын жартылай өнімдерден алынады. 2009 жылы әлемде 17,9 тонна рутений алынған. Жалпы бүкіл әлемдік рутений қоры - 5000 тонна. Бағасы — ~100$ унция үшін.

Пайдалануы Рутенийдің басқа платина тобына жататын металдармен, никель, кобальт, молибден және сольфраммен түзетін қорытпалары электродтар, электр шамының қылы және лабораториялық ыдыс жасауға қолданылады. Рутений кейбір органикалық реакциялардың катализатор ретінде қолданылады.

Тағы қараңыз Химиялық элементтер тізімі

Сыртқы сілтемелер

Рутений на Webelements Ruthenium at The Periodic Table of Videos (University of Nottingham) Nano-layer of ruthenium stabilizes magnetic sensors

Дереккөздер “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

Санат:Химиялық элементтер