Мыңқазан — Жамбыл облысы Меркі ауданы, Жаңатоған ауылдық округінің құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Ауыл округ орталығы - Қостоған ауылының солтүстік-шығысында 1 км-дей, аудан орталығы - Меркі ауылының шығысында 17 км-дей жерде.

Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1019 979 96,1 512 478 93,4 507 501 98,8

Инфрақұрылымы Орта мектеп, фельдшерлік пункт жұмыс істейді.Қазақ энциклопедиясы

Ауыл тарихы "Мыңқазан" деп аталатын жер негізінде қазіргі Луговой - Бішкек темір жолы мен Мықанды тас жолының екі оратсы, яғни "Қызылқыстақ" елді мекенінің батыс жағы. Ашаршылық болған 1931-1932 жалдары Меркі өңірінде тұрып жатқан көп адамдар аштан өлмеу үшін, тамақ іздеп басы ауған жаққа тентіреп кетті, қырғыз, өзбек ағайындарды паналады. Ел қайта ес жиған тұста халық туып-өскен жеріне қайта орала бастады. Бірақ, сазды жер болғандықтан ол жерге үй салу қолайсыз болды. Сондықтан қазіргі Мыңқазан ауылы орналасқан орынға қарай жылжи бастаған. Колхоздастыру кезінде ауыл іргесі бекіп, отырықшыланған. Қазір колхоз тараған, ауыл адамдары шаруа қожалықтарын құрып, өз беттерінше жұмыс істеуде.Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы

Дереккөздер

Санат:Меркі ауданы елді мекендері